Жеңілдетілген автонесие платформасы іске қосылып, алғашқы 18 секундта 761 адам өз өтінімін тіркеді. Сондай-ақ бірінші минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Даму Банкі неліктен кей қолданушының автомобиль өндірушісін таңдай алмағанын түсіндірді.
«Autonesie.kz сайты жүктемені көтеріп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінім қабылдау автоматты түрде аяқталып, «Өтінім беру» батырмасы басылмайтындай болды. Мұнымен қатар, өтінім беру барысында кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты болды», – делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/212617-zhenildetilgen-avtonesie-18-sekundta-kansha-adam-otinish-berip-ulgerdi/