ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.​​​

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.

Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес, Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің аға сот приставы Е.Айазбек

Comments (0)
Add Comment