Тараз қаласындағы Желтоқсан көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүруде. Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс алаңында қазіргі таңда жол негіздемесі толық дайындалып, жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселді. Сондай-ақ жол жиегіне бордюрлер орнатылды.
Енді бірер күнде асфальт жабындысының 1-қабаты (КЗ) салынғаннан кейін 2-қабаты (ЩМА) төселетін болады.
Ұзындығы жарты шақырымды құрайтын жолдың құрылыс жұмыстарын «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарының мерзімі – 90 күн. Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеден озып жүргізуде.
Сәтін салса Желтоқсан көшесіндегі жол құрылысы осы айдың аяғында аяқталады деп жоспарлануда.
https://www.instagram.com/p/CwAa9_ysPSW/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==