Желіге жартылай жалаңаш суретін жариялаған Say Mo сынға қалды

Say Mo лақап атымен танылған әнші Мөлдір Есембек желіге жартылай жалаңаш суретін жариялап, елді тағы да өзіне қаратты. Say Mo жартылай жалаңаш суретін Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Ол суретте айнаның алдында суға түсуге арналған киіммен отыр.

instagram.com/say_mo__

Рэп орындаушы дәл қазір Доминиканда демалып жатыр. Әрине, жалғыз емес, анасымен бірге. Өнер иесі Доминиканның Пунто-Кана жағажайында күнге қыздырынып, суға шомылып жүр.

Доминикан халқы сондай көңілді екен. Мен оларға сырттай ғашық болып қалдым, — дейді Say Mo.

instagram.com/say_mo__

Say Mo-ның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары оны бірден сынап тастады.

Ұят-ай. Қазақтың қызы емессің бе? Жасың 35-те, ертең балалы болғанда өкінесің. Үстіңе мүлдем киім кимей шықпадың ба? —деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К

Comments (0)
Add Comment