Желідегі әр сөз үшін жауап беретініңізді білесіз бе?

Желідегі әр сөз үшін жауап беретініңізді білесіз бе?
Көбінесе әлеуметтік желідегі пікірлер немесе мессенджерлердегі аудиожазбалар жай ғана «эмоция» болып көрінуі мүмкін. Бірақ заң алдында бұл — нақты қылмыс.
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша: Әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекет (сөз, жазба, сурет тарату) 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Не істеу керек?
Ақпаратты бөліспес бұрын оның рас-өтірігін тексеріңіз.
Ұлттық намысқа тиетін пікірлер жазбаңыз.
Арандатушылардың арбауына ермеңіз.
Жамбыл облысы — біздің ортақ үйіміз. Бірлікті сақтау — әр азаматтың парызы.
Жамбыл Облысы Қоғамдық Келісім
Comments (0)
Add Comment