Дональд Трамп Джорджия штатының Атланта қаласына келіп, жергілікті билікке өзі берілді. Оны қамауға алып, түрме тізіміне тіркеді. Оған 2020 жылы штаттағы сайлау нәтижелерін жойғысы келді деген айып тағылып отыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осылайша Трамп магшот жасаған, яғни түрме суретіне түскен жалғыз АҚШ-тың экс-президенті атанды.
Ол Атланта түрмесінен шығу үшін 200 000 доллар (160 000 фунт стрелинг) көлемінде кепіл төлеуге мәжбүр болды. Қазір сотты күтіп отыр.
Содан кейін ол бұл істі «әділ сотқа пародия» деп атады.
Айта кетейік, Трамп кейінгі бес айда төртінші рет тұтқындалып тұр.
https://turkystan.kz/article/231548-zhelide-tramptyn-turmedegi-sureti-payda-boldy/