Жел, найзағай: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет ел аумағында 18 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел болжанады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

«Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-37°С дейін қатты ыстық болады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады» деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

https://turkystan.kz/article/230711-zhel-nayzagay-18-tamyzga-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy/
Comments (0)
Add Comment