«Жекпе-жек » ұлттық спорт түрінен аудандық ашық турнир

25 — қазан Республика күніне орай «Жекпе-жек » ұлттық спорт түрінен аудандық ашық турнирі өтті.
Жамбыл ауданы Аса ауылында орналасқан дене шынықтыру сауықтыру кешенінде «Жекпе-жек » Жамбыл ауданы ашық турнирі өтті.
Ұлттық спортымызды дамыту мақсатындағы«Жекпе-жек » Жамбыл ауданы ашық турнирінің ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Жолдасбеков және Жекпе-жек ұлттық спортының вице президенті Қ.Дүйсебаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сегіз бұрышта бәсекесінде Түркістан обылысы, Шымкен қаласы,Тараз қаласы және Қырғыстан Республикасынан спортшылар қатысып 200-ден астам жас балуандар тоғыз жас айырмашылығы бойынша 2011-2012 жастар, 2009-2010, 2007-2008, 2005-2006ж.т жасөспірімдер және +18 асқан спортшылар бақ сынасты.
Жарыс нәтижесіне сәйкес әрбір жас ерекшеліктері бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар және белбеу салтанатты жағдайда тапсырылды.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment