Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
«Қайрат Сәтжановтың алдағы олимпиадалық циклге ұсынған жоспарын талқыладық. Көңілімізден шықты. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас бапкерді ауыстырғанымызды білесіздер. Оған қойылған негізгі талаптардың бірі — командада жеке шәкіртінің болмауы. Сондай-ақ, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз», — дейді Ділдәбеков.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын.
Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандықтар Сербияда (2021) өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен.
https://turkystan.kz/article/247458-zheke-sh-kirti-bolmauy-kerek-bas-bapkerge-koiylgan-negizgi-talaptar-kandai