ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекеменің жеке құрамымен кездесті.
Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту, лудомания, ішімдік пен есірткіге әуестіктен аулақ болу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Комитет қызметкерлері, сонымен қатар жазасын өтеушілерден ақша алмау, құмар ойындарға жақындамау және қызметтік киім үлгісін бұзбау жайында толыққанды ақпарат берді. Бұл бағытта жасалған заңбұзушылықтардың заңнамада көрсетілген жауапкершіліктеріне тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.