Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Б.О. Ортаевтың бекітілген аппараттық кеңесінің күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының уәкілі Бағжан Нұрсұлтанұлы және медицина бөлімінің қызметкері сонымен қатар мекемнің психолог мамандарын жұмылдыра бірлесіп, жеке құрам арасында «Суицидтің алдын алу, сондай-ақ лудомания мен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық тұрақтылықты сақтау, құмар ойындардың зияны мен оның құқықтық және әлеуметтік салдары жөнінде жан-жақты ақпарат беріліп, профилактикалық ұсынымдар жеткізілді. Жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.