Демалыс орнының басты мақсаты — өңірдің туризм кәсіпкерлік саласын дамыту. Бұл әзірге маусымдық табыс көзі болып отырғандықтан, көп дүниелер болашақтың еншісінде. Көктемде сәуір айынан қыркүйекке дейін жалғасатын қызмет түрі. Алғашында шағын бизнес түрі ретінде ашылған. Кейіннен көлемі кеңейген. Жалпы, 400 адамға арналған демалыс орталығында қонақ үй, 15 тапшан, 5 сруб-биседкасы, 1 бастырма, жиындар өткізетін залдары бар. Барлығы 15-ке жуық қызметкер демалушыларға сапалы қызмет көрсетеді. Арнайы жаттығудан өткен бес құтқарушы, екі аспаз, екі көмекші, екі медбике, екі балықшы бар. Демалушыларға шұғыл көмек қажет болған жағдайда медбикелер алғашқы көмек көрсетуге әзір екендігін жеткізді.