Жазғы балалар демалысы ойдағыдай өтуі тиіс

Балалардың қауіпсіз демалуы үшін келесі ұсынымдарды орындау қажет.

Жазғы балалар ұйымдарының иелеріне:
1. Балалардың келуі басталғанға дейін лагерьлерді ашуға уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету және лагерьдің белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.
2. Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары жоқ тұлғаларды балалармен және ас блогымен жұмыс істеуге қабылдамау. Қызметкерлерді медициналық тексеруге уақтылы жіберу.
3. Балалардың саны лагерьдің қуатына (жатын бөлмелері, ас блогындағы технологиялық жабдықтар) сәйкес келуі тиіс.
4. Балалар ауруының алғашқы белгілерінде – жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласу.

Ата-аналарға:
1. Лагерьді таңдау кезінде Комитет сайтында орналастырылған балалар сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алу.
2. Баланы қала маңындағы лагерге жібермес бұрын оның әл-ауқатын тексеру қажет. Баланың аллергиясы, созылмалы аурулары және тағамдық артықшылықтары туралы еріп жүретін адамға (мұғалімге) алдын-ала ескерту, бұл туралы баланың медициналық анықтамасына да жазба жасалуы тиіс.
3. Бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша аудандық СЭББ жүгіну (байланыс телефондары мен мекенжайлары ресми сайттарда орналастырылған) қажет.

Артықбаев Сәкен Сарсенұлы Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Comments (0)
Add Comment