№25 түзеу мекемесінде сотталған азаматтармен топтық кездесу жүзеге асты. Мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.
Жуырда №25 түзеу мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторлары – әділет капитаны Ж. Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтың ұйымдастыруымен топтық кездесу жүзеге асты. Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейілхан Асқарбек Ақылшаұлы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Медиация кабинетінің меңгерушісі Досыбиева Валентина Никалаевна өткізді. Кездесу барысында жазасын өтеушілерге «Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Ол өз сөзінде: «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді.
Сондықтан «әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», – деді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жалпы мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.
Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.