Жазасын өтеушілерге Жаңа жылдық концерт өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде Жаңа жылдық мерекеге орай сотталғандарға арналған концерттік бағдарлама өтті. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары жырдан шашу шашып, қойылымдар қойып, әуелете ән шырқады. Мекеме әкімшілігі сотталғандарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде, жазасын өтеп жатқан сотталғандар мекеме әкімшілігі мен өнерпаздарға алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын көрсетті.

 

Comments (0)
Add Comment