Жазасын өтеушілерге сапалы медициналық көмек көрсетілуде

Жамбыл облысы бойынша №59 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында Тараз қалалық №5 емханасының окулист дәрігерлері, скрининг және ЭЭГ аппараттарын мекемеге акеліп сотталғандарды тексеруден өткізді. Басты мақсат- сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, сапалы медициналық көмек көрсетіп, түзелу жолына түскен сотталғандарға қоғамға оралуға жағдай жасау. Мекеменің медицина қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтардың денсаулық жағдайын басты назарда ұстап, барлық медициналық шараларын жасауда.

Comments (0)
Add Comment