Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде «Тектұрмас» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев Ислам діні татулық пен жарасымдылықтың діні екендігін жазасын өтеуші сотталған азаматардың сана сезімдеріне жеткізу үшін топтық кездесу өткізді.
«Тектұрмас» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев мекемеде жазасын өтеуші сотталғандармен «Хадис ілімі» тақырыбында дәріс оқып, діни көзқараста оң ықпал ету мақсатында дәстүрлі дін құндылықтары түсіндірілді.
Діни сауатсыздықтың нашар болуынан, көптеген күнәлар жасалады. Өйткені діннің түп қазығын түсіну, дінді дұрыс ұғу өте ауқымды, әрі оңай тапсырма емес екендігін ескерген жөн. Сауатсыздық пен білімсіздіктің арқасында көптеген қателіктер мен теріс амалдар жасалынады. Шариғат заңы бойынша үлкен күнә саналатын іс-әрекеттерді жасаушы мұсылманның жағдайы түсіндірілді.
Жалпы берілген материалдарды сотталған азаматтар оң қабылдады. Мекемеде реабилитациялық оңалту жұмысының оң нәтижесі көрінеді. Келер жылға арналған жаңадан жоспар жасалынып жатыр, діни сауаттылықты арттыру мақсатында теологиялық оңалту жұмысы күшейтілетін болады.