Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде діни өкілдермен кездесу өткізілді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтің ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті.
Дін істер басқармасы Оңалту орталығының инспекторы теолог маманы Қалжанов Есеней «Дінде шектен шыққандар» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.