Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында өнерді жанына серік еткен азаматтар баршылық. Солардың бірі – Владимир Поговицин. Тағдырдың салған сынағына мойымай келе жатқан ол қолына қаламын алып, ішкі жан сырын қағаз бетін түсіруге әуес. Оның өлеңдерінде лирикалық сарын анық байқалады. Оның бұл жолғы туындысы ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналыпты. Бұл жыр жолдарында көпшілікті мерекемен құттықтаған ол ерекше мейрамның маңызын поэзия тілімен әдемі жеткізе білген.