Жазасын өтеп шыққан және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні облыстық «Жастар ресурстық орталығы», облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шараға жазасын өтеп шыққан және пробация қызметі есебінде тұрған 35-ке жуық азамат қатысты. Жәрмеңкеде кәсіпорындар, оқу орындары жалпы 10 мекеме 54 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 17 азамат жұмысқа орналасты.

Жұмыс беруші мекемелер: «Жасыл ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі, «Тараз металлургиялық зауыты», «Жамбыл-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Тараз Кож Обувь» жауапкершілігі серіктестігі, «Ая-Сервис» жауапкершілігі серіктестігі, «Бағыт-Тараз» жауапкершілігі серіктестігі, «ӘулиеатаТрансПасс» жауапкершілігі серіктестігі, «Көкжиек» жауапкершілігі серіктестігі, «Сырым Блеке» жауапкершілігі серіктестігі, Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжі, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі қатысты.

Comments (0)
Add Comment