ЖАЙЫЛМАДА ЖҮЗУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Жайылма ауылында 12 — тамыз Халықаралық жастар күніне орай суда жүзуден ауыл жастары арасында жарыс өткізілді.
Жарысқа 16 мен 20 жас аралығындағы ауылдық округ жастары қатысты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудандық мәслихаттың депутаты Қ. Дүзкенов және Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы С. Нүркенов Алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Comments (0)
Add Comment