ЖАЙЫЛМАДА ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК

Киелі Сарысу өңіріндегі Жайылма ауылдық округі таланттар мекені.
Даңқты актер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, опера әншісі Амангелді Сембин, жазушылар Берік Шаханов, Пернебай Дүйсенбин, Қали Сәрсенбай, Болатбек Төлепберген, ақын Тынышбай Рахым, сазгер Төлеу Үшқоңыров, жезтаңдай әншілер Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, қазақ күресінен балуан Бөрібек Тоғызақбаев, таэквондошы Қайрат Қырғызбаев сияқты танымал мәдениет және өнер, спорт саңлақтары мен көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан аймақ.
Өткен жылы ауылдық округте бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты. Биыл да біраз жұмыстарды жоспарлап отырмыз.
Жайылма ауылдық округініне Жайылма, Қызылдихан, Маятас және Ақтам елді мекендері кіреді. Халық саны 3823 адам, аула саны – 573, Ауылдық округтің барлық аумағы – 388323,9 гектар, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер — 86302,4 гектар, елді мекендер жері – 26232,81 гектарды құрайды.
Ауылдық округте 3 орта мектеп, 3 кітапхана, 3 клуб үйі, 1 өнер мектебі, 1 спорт мектебі, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, 1 учаскелік инспектор, 1 ветеринарлық пункті, 1 «Қазпошта» бөлімшесі жұмыс істейді. Мектепке дейінгі тәрбие беретін 2 шағын орталықтар және 3 мешіт тұрақты түрде жұмыстарын жүргізілуде.
Округте қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту, елді мекендерді абаттандыру, тұрғындарды еңбекке баулу, ұлттық рухани құндылықтарды қайта жаңғырту – қашанда назарымызда.
Әкім аппараты жанынан арнайы құрылған комиссия, халықтың тұрмыс жағдайын анықтап, зерделеу нәтижесінде, орта есеппен 4 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп 631 821 мың тенге қаражат берілді. Жыл басынан қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарына 21 адам тартылып, 21 420 000 тенге төленіп берілді.
Біздің округіміз ауыл шаруашылығын дамытуға бейім аймақ. Ауыл шаруашылығы бағытында 97 шаруа қожалығы тіркелген, оның 83 шаруа қожалығы тұрақты жұмыс істеп тұр. 50 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 33 шаруа қожалығы мал өсіру шаруашылығымен айналысады. Жыл ішінде мүйізді ірі қара 4403 басқа, қой-ешкі 18708, жылқы 1203, түйе 1486, құс 3056 болып қалыптасты. Ауылшаруашылығы малдарына сырға салынып қозғалысы статистикалық есепке алынған, тұрақты қадағаланып отырады. Шаруа қожалықтары мен жеке ауладағы малдардың барлығы белгіленген тәртіп бойынша, эпизоотияға қарсы емделіп отыр. «Конго — Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруынан қорғау, кене шағудың алдын алу бойынша дәрілеу жұмыстарының үш кезеңі де толығымен аяқталды.
Жайылым жерлерді суландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында 135000,0 теңгеге 7 құдық қазылып берілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 86302,4 гектар. Оның ішінде, егістік 4024,69 гектар, шабындық 3910,9 гектар, жайылымдық 77766,16 гектар, көпжылдық екпелер 600,65 гектар. Өткен жылы 3809,47 гектар жерге егіс егілді. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 189 гектарға артық.
Ауылдық округте «Ауыл аманаты» жобасына сәйкес, 2023 жылы 1,3 млрд. теңгеге 197 өтінім «Тараз» ӘКК-на тапсырылып, оның ішінде 172 өтінім қолдау тапты. 21 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Бұл жобаның аясында ауылдық округте жеке кәсіпкерлер саны 63 тен 266 ге (4,2 есе) артты. Тиісінше жұмыссыздар саны 31 азаматтан 12 азаматқа (2,6 есе) азайып, қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артты. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 12 отбасыдан 9 отбасыға азайды.
Елді мекендердегі санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Кездейсоқ күл- қоқыс орындарын жою мақсатында ауылдық округтегі елді мекендерде санитарлық-тазалық жұмыстары толық атқарылды. Ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан көктемгі екі айлық сенбілік жұмыстары аясында 526 ескерту парақшалары таратылды. 29 тонна күл–қоқыс арнайы орынға шығарылды. Ауылдағы, учаскелік полиция инспектор тарапынан 26 азаматқа ескерту хаттамасы толтырылды.
Жыл басынан бері Жайылма ауылдық округінде қылмыс тіркелген жоқ.
Салықтық түсімдер бойынша жыл басынан 16730,0 мың теңге көлемінде қаражат жоспарланған. Жылдың 12 ай бойынша ауылдық округтің бюджетіне 138 013,8 мың теңге салық түсімі түсті. Жоспар 184,3 пайызға орындалды.
«Жомарт түлек» жобасы ауылдық округте жүзеге асып жатыр.
Демеушілер тарапынан ауылдық округте «Ізгілік», «Достық» саябақтары, «Мәңгілік ел» монументі салынып қолданысқа берілген. Ауылдан шыққан азаматтардың өз туған жерін түрлендіріп, түлетуге қосқан үлесі деуге болады. Әйтеке би мектебін бітіргеніне 40 жыл толған түлектердің демеушілігімен Жайылма ауылдық мәдениет үйінің алдынан су бұрқақ салынып, мектептің мәжіліс залы 120 дана жаңа орындықтармен жабдықталды. Әйтеке би мектебін бітіргеніне 30 жыл толған түлектер мектепке 1 картина тарту етіп, ауыл тұрғындарына футбол ойынын ұйымдастырды және «Сақтаған Ата» атшабарына бәйге өткізді.
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 2020 жылдан бері 3 үй пайдалануға берілген. 2023 жылы Жайылма ауылының тұрғыны, аз қамтылған отбасы санатына жататын Елшібаев Дархан Мәжитұлының үйіне заманауи үлгіге сай құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Ауылдық округте ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелерге орай, мәдени-спорттық, көпшілік шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Олардың ішінде, ауылдан шыққан тұлғалардың атындағы турнирлер, концерттік бағдарламалар бар. Атап айтқанда, Асанәлі Әшімов, Бөрібек Тоғызақбаев атындағы турнирлер және өнер қайраткерлері Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаевалардың концерттік бағдарламалары бар. Жыл ішінде 32 спорттық шаралар өткізілді. Ауыл жастары спорт түрлерінен үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Өткен жылғы мәдениет шаралар ауданымыздың 95 жылдығы мерейтойы аясында өткізілді.
Ауылдық округте атқарылған жұмыстарға тоқталсам, өткен жылы Маятас ауылында Маятас ауылында жаңа мектептің құрылысы басталған, биыл аяқталып пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, «Бүркітті» каналын 2,3 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық округті абаттандыру үшін «Альтаир» жеке кәсіпкерлігімен 770,0 мың теңгеге шарт жасалып, «Еңбек ерлері» саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді және теңгерімге алынды. Сонымен қатар, «»GAMA STROI» ЖШС-мен 2776,0 мың теңгеге шарт жасалып, Ақтам ауылына «Балалар ойын алаңын» салынды теңгерімге алынды. Жайылма, Маятас ауылдарына «Жасыл белдеу» қоршау жұмыстары жүргізіліп, «Сағынай» ЖШС-мен 5992,0 мың теңгеге шарт жасалынып теңгерімге алынды. Жайылма ауылдық округі теңгеріміне алынған Гараж құрылысы жұмыстары бойынша 15 904,0 мың теңгеге мердігер «ОПС и К» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынып жұмыстар атқарылды. Қызылдихан ауылына көшелерді жарықтандыру жұмыстары бойынша «SAQYNAI» ЖШС — мен 6374,8 мың теңгеге келісім-шарт жасалынып, барлығы 28 270,8 мың теңгеге жұмыстар атқарылды.
Биылғы жылы Жайылма ауылының көше жарықтарын ағымдағы жөндеу, Жайылма ауылы Б.Серікбаев көшесін жарықтандыру, Ақтам ауылына көше жарығын орнату, Жайылма ауылына балалар ойын алаңын орнату, Маятас, Қызылдихан ауылдарына Стритворкаут орнату, Жайылма ауылдық округінің төлқұжатын орнату, Түркістан облысымен шекаралас аумаққа арка орнату, Жайылма, Қызылдихан ауылдарына малдардың бөліну (раскол) алағын орнату, ауылдық округке биотермиялық шұңқыр құрылысы жүргізу сияқты атқарылатын бірқатар жұмыстар бар.
Ауылдың ажары күннен күнге артып, әлеуметтің әлеуеті жақсарып келе жатыр. Жайылмада жарқын істер жетерлік. Бірлікпен жасалған істің берекесі де болады, нәтижесі де оңалатыны даусыз. Берекесі мен бірлігі жарасқан жайылмалықтар бүгінде өз ырысын осылайша еңбекпен тасыта беретін болады.
Жандарбек Смағұлов Жайылма ауылдық округінің әкімі
Comments (0)
Add Comment