Жай ғана қарапайым болайық!

Ең сеніп жүрген адамдарымыз алдап кетіп ренжітіп жатса, біз ешқашан күтпеген адамдар мейірімін төгіп таң қалдырып жатады…
Істемеген ісімізге бола жылатып кететін біреулер болса, күлкімізді ғана көргісі келгендіктен жасаған қателігімізді елемейтін кейбір адамдар болады…
Ең қажет кезінде тастап кететін адамдар бар, ал кетіп қалшы деп жалынсаң да жаныңда қалатындар болады…
Бұл әлем сапырылысқан адамдардың мекені …
Қандай қолды сілкіп тастау, қандай қолды аялап сипауды айыра білуіміз керек екен…
БЕР… бірақ, өзіңді пайдалануына жол берме
СҮЙ…бірақ, жүрегіңді жаралама
СЕН…бірақ, ақымақ болма
ТЫҢДА…бірақ, өз даусыңды жоғалтпа
Бұл ӨМІР…
ҚҰШАҚТАП және ЖІБЕРІП үйрен…
…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген жолдары болады.
Осылардың қайсы бірін күн сайын орында.
Comments (0)
Add Comment