Басылымның хабарлауынша, жауынгерлік тапаншадан әйел кеудесіне жарақат алған, қолы сынған. Ер адам да ауыр жағдайда. Оған бес сағаттық ота жасалып, есін енді жиды. Ерлі-зайыптылар ауруханада жатыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, шабуылдың мақсаты – тонау. Қылмыс жасаған адам полиция келгенге дейін жасырынып үлгерді. Бұл ретте элиталық тұрғын үй кешенінің аумағында бейнебақылау камералары болмаған. Тұрғындар бұған бірнеше рет шағымданған.
Зардап шеккендер шамамен 40 жаста, күйеуі сақтандыру компаниясында жұмыс істейді. Ал жұбайы балаларының дамуына көңіл бөледі. Балалар шабуыл кезінде үйде болмаған.
«Жоғарыда айтылғандардың бәрінен көңіл көншітпейтін қорытынды: Алматыда жауынгерлік тапаншамен қаруланған, оны тонау үшін қолдануға дайын қауіпті қылмыскер еркін жүр”, — делінген басылым хабарламасында.
Фото: pexels.com
https://stan.kz/zhauingerlik-karui-bar-adam-kalada-erkin-zhur-almatida-411499/