Жасыл ел еңбек жасағы — бойында қызуы басылмаған, еңбекке ұмтылған жастардың алаңы, жұмыстың алғашқы баспалдағы. Бірлікке, ұйымшылдыққа жеткізетін еңбек науқанының жастарға берері мол. Жастар осы арқылы жұмысқа деген жауапкершілікті сезінеді, әрі жаңа орта қалыптастырады. Жасыл ел еңбек жасағының негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға шақыру болып табылады.