Жамбыл облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының қорытындысы бойынша Жуалы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» белсенділігімен көзге түсіп, «Үздік жасақ» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А.Қадралиев салтанатты түрде табыстап, ұжымға 50 000 теңгелік сертификат тапсырды.
Аудан жастарының еңбек маусымындағы белсенділігі мен ұйымшылдығының нәтижесі.
Жуалы жастарының бұл жетістігі алдағы уақытта да жауапкершілік пен жігерге толы жаңа белестерге жетелейтіні анық.