Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Ал табиғатты аялау, табиғатты қорғау, табиғатпен бірге болу ол адамдардын қолыңда. Осы мақсатта жылда Тараз қаламызда жастарды Жасыл ел еңбек жасақтарына тартамыз. Табиғат пен жастар арасында байланыс болу керек себебі табиғатты аялау өскелен ұрпақ қолыңда. Жасыл ел атты айттып тұрғандай қаламызды қорғау көгалдандыру болып табылады. Мен биыл Жасыл ел еңбек жасақтарында қызмет атқардым ол жұмыс барысында менің ортам кеңиді және қала тазалығына өз үлесімді аямай қостым. Жұмыс барысында жастардың мықты екеніне қоғамға, табиғатқа жәндері ашитындарына тағы бір көзім жетті. Неліктен дисіздер ғой себебі олар қала тазалығы үшін бар жандарын салып, қаламыз біздің айнамыз деген ұранмен жан-жақты қызмет атқарды. Тек қызмет қана атқарған жоқпыз жастардың басын біріктіріп түрлі ойын сауықтар түрлі іс-шараларға да өз үлесімізді қостық былайша айтатын болсам Жасыл ел үлкен мектеп екеніне тағы көзіміз жетті. Табиғаты қорғау — қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығың қорғау болып табылады. Біз бұл құбылысқа өз үлесімізді қостық. Жастары мықты қоғам ешқашан құлдырамайды. Мен Жасыл елде жұмыс атқарғаныма қуанамын. Және біздің дастарды еш ұялмастан, қысылмастан қоғам тазалығына өз үлестерін қосуға шақырамын. Жасыл ел тек тазалыққа ғана емес достық пен бауырмашылдыққа үйретеді және қала тұрғындарының алғысын да аламыз. Мен Жасыл елмен біргемін
Ермахан Шапағат