ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Өткен аптада облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламаларбасқармасының Еңбек мобильдік орталығының Мойынқұм ауданы бойынша Мапсаптық орталығы филиалында «Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау» атты тақырыпта дөңгелек үстел басындағы басқосу өтті. Оған «1000-Арал» ЖШСнің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Жолдас Бұхарбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Нәділ Үсіпжанов, филиал қызметкерлері, кәсіпорын басшылары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, жеке кәсіпкерлік құрылымдардың жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел басындағы басқосуды «Мансаптық» орталық филиалының жұмыс берушілермен, ізденушілер және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Мақпал Құлдыбаева ашып, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісім шарты» және «Қоғамдық жұмыс орны» жобаларының әр қайсысына жекежекекеңінентоқталыпөтті. Оныңайтуынша, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 35 жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ, жұмыссыз ретінде тіркелген, кәсіби мамандығы бар азаматтар қатысады. Жалақысы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни 103 500 теңге. Мерзімі 18 айдан аспайды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссызды кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруға міндетті екен.
«Жастар практикасы» жобасы техникалықжәне кәсіптік орта, жоғарынемесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері меңгергенкәсібібойыншабастапқыжұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Оған 35 жастан аспаған, меңгерген мамандығы бойыншажұмыстәжірибесі жоқ, жұмыссыз ретінде тіркелген жастар қатысады. Жалақысы 30 айлық көрсеткішті құрайды, яғни 103 500 теңге. Мерзімі 12 айдан аспайды. Жұмыс беруші еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғайжүйесіне адаммен жасалған және тоқтатылған еңбек шарты туралы ақпаратты енгізуге міндетті.
«Күміс жас» жобасы жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Бұл жоба 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба. Аталған жобаға қатысушы азамат 50 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Мерзімі 36 айдан аспайды. 1-12 айға дейін жалақының 70 пайызы, 13-14 айға дейін жалақының 65 пайызы, 25-36 айға дейін жалақының 60 пайызын құрайды. Субсидия көлемі 30 айлық көрсеткіштен аспайды. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес жұмыс беруші әлеуметтік орындарға орналасқан адамдарға уақыты және толық көлемінде еңбекақы, жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізуге, жобаға қатысушының мерзімі аяқталғаннан кейін зейнеткерлік жасқа толмаған адамды бір жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа орналастыруға міндетті. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – оқу орындарының жұмыссыз түлектерін өздері алған кәсібі бойынша немесе ұлттық кәсіптер түрлерінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша жұмысқа орналастырып, кейіннен зейнеткерлік жасқа толған, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді алмастыруға арналған жоба. Аталған жобаға қатысушылардың жасы 35 жастан аспауға, жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Жалақысы 30 айлық есептік көрсеткішті, яғни 103 500 теңгені құрайды. Мерзімі 6 айдан аспайды. «Қоғамдық жұмыс орны» — «Мансап» орталықтары ұйымдастыратын жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері. «Қоғамдық жұмыс орнына» 16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар, оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген азаматтар қатыса алады. Жалақысы кемінде 20 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мерзімі 12 айдан аспайды. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытқа ие жұмыс түрлері. Әр бағытты жатық, түсінікті тілмен түсіндіріп өткен Мақпал Исақызы жұмыс беруші серіктестіктер, жеке кәсіпкерлік құрылымдар, кәсіпорындар, өздеріне қажетті жұмысшы-қызметкерлердің бос жұмыс орындарына сұраныс тастамай отырған жұмыссыз жастардың орталыққа келіп тіркеліп жатқандығын, әр бағыт бойынша белгіленген межелердің орындалмай тұрғандығын жеткізіп, мүмкіндігінше жастарды жұмыспен қамту қажеттігін айтты.
Басқосу барысында сөз алған «1000- Арал» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Жолдас Бұхарбаев техникалық жағдайлар жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа алуға кедергі келтіріп отырғандығын, алдағы кезде орталыққа өтінім жолдап, ауыл жастарын уақытша жұмыспен қамтитынын, оның мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналастыратынын жеткізді. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Нәділ Үсіпжанов әлеуметтік жұмыстар бойынша жастар практикасын өткізуге дайын екендігін айтса, «Мансап» орталығыкәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің маманы Дәрібай Думан жеке кәсіпкерлігін ашуға ниет білдірген 5 жас азаматтың қаржылық грант алғанын, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 104 адам оқығанын оның қырығы жас азаматтар екендігін, 11 азаматқа 2,5 пайызбен несие берілгендігін айтты.
Жолдыбай ДӘМЕТОВ,
«Мойынқұм таңы».
Comments (0)
Add Comment