Жастар жазасын өтеушілермен телекөпір арқылы тілдесті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысының прокуратурасының бастамасымен сотталғандар, жоғары сынып оқушылары мен студенттердің қатысуымен «телекөпір» ұйымдастырылды.

Іс-шараға 300-ден астам мектеп оқушылары мен студенттер, Жамбыл облыстық полиция департаменті, облыс бойынша ҚАЖД өкілдері, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөнніндегі өкілі қатысты.

Жиында жастар түрмеде жазасын өтеушілермен телекөпір арқылы тілдесті. Сотталғандар бейне байланыс арқылы студенттер мен оқушыларға өз өміріне қатысты өкініштерін айтты. Қателік пен қатігездік жасап, қылмысқа бармау керектігін түсіндірді. Кейбірі жаза басып, жастық шақтарын қолдан құртқандарын айтты.

Басқосуда қылмыстық жауапкершілікке тарту 14 жастан басталатыны айтылып, бірнеше баптар таныстырылды.

Comments (0)
Add Comment