Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық қазақ драма театрында “Бір түп алма ағашы” спектаклі қойылды.
⠀
Шараның мақсаты — жастарға отбасы құндылықтарын дәріптеу, бауырлар арасындағы ауызбіршілікті насихаттау. Жастардың бойында өнерге деген құрметті қалыптастырып, театр мәдениетін дамыту.
«Облысымыздағы театр әдеп деңгейін үлкен қалалар деңгейіне шығару. Күні кеше алғашқы қойылым өтті. Алда бұл шара жалғасын таппақ. Бастамаға қолдау көрсеткен облыстық қазақ драма театрына алғысымыз шексіз!» — деді басқарма басшысы Серікбол Берікқожа.