Бүгін Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы А. Оралов Жамбыл жастарымен кездесу өткізді.
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен өткен жиынға студент жастар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Басқосуда қатысушылар мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, білім мен тәрбие мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, өңірдегі жастар саясатының іске асырылу барысы бойынша ойларын ортаға салды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы А. Оралов Жамбыл облысына іссапармен арнайы келген болатын. Сапары барысында ол облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық, Жамбыл, Меркі аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» жұмысымен танысады. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде жастар саясатының іске асырылу мәселелерін талқылау мақсатында қызметкерлермен кездеседі.