Бүгінде әзіл мен тапқырлықты жанына серік еткен жастардың басын бір арнаға тоғыстырған «Жайдарман» ойыны барша жұрттың жүрегінен орын алып, сүйіп көретін бағдарламасына айналды.
«Жайдарманның» ең басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау етіп, халықтың бүгінгі сұранысының талаптарына сай болуында.
Жамбылдық жастар да «Жайдарман» ойындарының биігінен көрініп жүр. Айталық, тараздық «Медиум-Тараз» командасы жоғары лигаға жолдама алды.
Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жайдарманшыларды арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады. Шаһар басшысы өз сөзінде шығармашыл жастарға қолдау көрсету үздіксіз жалғасатынын жеткізді.
Жайдарманшы жастар да өз кезегінде қала әкіміне шынайы алғыс білдіріп, жоғары лигада жетістікке жету жолында бар күш-жігерлерін салатынын айтты.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы