Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы”,  «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігімен «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді көрсету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мемлекетіміздің ата Заңының 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Жоба шеңберінде жасөспірімдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізуге бағытталған “Заң және тәртіп” атты кездесулер, “Тоқта қылмыс” акциясы, Облыстық мұражайға экскурсиялар, кәсіби құқықтық, психологиялық көмектер алу арқылы жастар, жасөспірімдер мен мектеп оқушылары және олардың ата-аналарына құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, заң аясында ақпараттану мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Comments (0)
Add Comment