Жастар — еліміздің болашағы

Талас ауданында жасөспірімдермен жұмысты жандандыру аясында, жоспарлы түрде спорттық, мәдени шараларды қарқынды түрде ұйымдастыру қолға алынып отыр.
Осы шаралар аясында бүгін Қаратау қаласының әкімі Дархан Тобашұлымен Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары жұмыс орнында кездесті.
Олар қала әкіміне сауалдар қойып, кездесу кезіндегі әңгіме жасөспірімдермен еркін сұхбат түрінде өрбіді.
Оқушылардың бірі қала әкімнен «Өмірде табысқа жету үшін ең алдымен не қажет?» деген сауалға орай Дархан Тобашұлы өз пікірін:
— Ең алдымен ниет ету, алдыңа мақсат қоя білу керек. Әрине, білім де, еңбек те, талпыныс та керек. Бірақ бәрі ниеттен басталады деп ойлаймын.
Меніңше, қазір елімізде үлкен мақсаттарға қол созамын деген жастарға сол ниетіне жетуге мүмкіндік бар. Өйткені мектепте де, білімді болсаң колледжде де, жоғары оқу орындарында да тегін білім ала аласыздар.
Сол мүмкіндікті пайдалану керек. Өзіміздің де басымыздан өтті, жасөспірім шаққа келгенде, 6-7 сыныптардан бастап, ер балалардың сабақ үлгерімі төмендейді.
Тіпті сабақ айтпай, тентектік жасауды мақтаныш көретін балалар да болады. Расына келгенде, тентектіктің мақтаныш қылар ештеңесі жоқ. Соны түсінсеңіздер екен деймін, — деп жеткізді.
Сонымен қатар қала басшысы да балаларға сабақ үлгерімі, қызығушылықтары, болашаққа армандары жөнінде сауал қойып, сөз қозғап, пікірлерін тыңдады.
Кездесу соңында оқушылардың ата аналарына ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін білім бөлімі тарпрынан алғыс хаттар табыс етілді.
Оқушылардың жанарларынан жалт еткен үміт оттары байқалып, өздерінің болашақтарына деген сенімдері арта түсті.
Осындай ынталандыру шаралары алдағы уақытта да жүргізілмек.
Мақсат Қазанғапов,
Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
Comments (0)
Add Comment