Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күнделікті қызметі – тәртіп пен заң талаптарын бұлжытпай орындауды, жауапкершілікті және жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлікті қажет ететін маңызды міндет. Бұл – жай ғана жұмыс емес, бұл – халыққа қызмет етудің ерекше түрі.
Бүгін біз ҚАЖ қызметкерінің бір күндік жұмысымен танысып, осы мамандықтың ішкі тыныс-тіршілігіне үңілдік.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесі САТжӘПЖЖ бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны А.Қали — өз мамандығының шебері.
“Біздің міндет – заң үстемдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, адам тағдырына да бейжай қарамау”, – дейді қызметкер.