Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №25 мекемесінде Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, сотталғандар арасында арқан тарту, гір тасын көтеру, 100 метрге жүгіру және қол күресінен турнир өтті.
Жарыстың мақсаты – сотталғандарды спорттық жарыстарға, мекеменің қоғамдық өміріне қатысуға тарту, құқыққа бағынушылық мінез-құлқын ынталандыру, сотталғандар арасында деструктивті мінез-құлық пен төтенше жағдайлардың алдын алу.
Мекемеде мұндай жарыстар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Сотталғандар арасындағы жарыстар, турнирлер мен конкурстар – салауатты өмір салтын насихаттаудың таптырмас құралы.
Турнир қорытындысы бойынша, жүлделі орындарға ие болған және белсена атсалысқан азаматарға алғыс жарияланды.