«Тараз-Арена» спорт сарайында облыс әкімінің кубогы ширек финалдық ойындары өтіп, жартылай финалға жолдама алған барлық командалар анықталды.
«Ақмешіт» пен «Түркістан» командалары арасындағы қызу ойын нәтижесінде 4:1 ұпайымен қызылордалықтар алға тартты. Сондай-ақ, үлкен залда ойын көрсеткен «Хабар» мен «Апорт» ойындары тартысты өтті. «Апорт» командасының жігіттері «Хабар» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Жартылай финалға үмітті ернияздық жігіттер пенальти сериясында жеңді. Ал, тараздық қос команда «Тараз-Пресс»-«Блогерлер» ойынында «Тараз-Пресс» 3:2 ұпайымен жартылай финалға өтті.
Келесі ойын командалар тізімі:
- «Ақмешіт» — «Апорт»
- «Тараз — Пресс» — «Ернияз»
Еске сала кетейік, 30 тамыз – Конституция күнінде Тараз төрінде облыс әкімінің кубогы журналистер арасында турнир өтетінін жариялаған болатынбыз.