Жарнамалық көрнекі ақпарат – қала келбеті

Қаламыздағы құрылыс, көше, ғимарат, тауар, сауда-саттық орындары, ойын-сауық орталықтары, дүкендер мен супермаркеттер және басқа да көптеген нысан атаулары, жарнама мәтінінің сауатты жазылуы мен эстетикалық безендірілуі, көрнекі ақпараттар – қала көркінің басты көрсеткіші.

Қала көшелеріндегі жарнама­лар мен маңдайша жазуларын, ақпараттық хабарламаларды заң талабына сәйкес қалпына келтіру мәселесі бойынша қала әкімшілігі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары бірлесіп зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Кемшіліктер анықталған кәсіпкерлік нысандардың басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің Заң талаптарына сәйкестендіру керектігі баса айтылды.
Бұл жұмыстар тұрақты түрде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Шу

Comments (0)
Add Comment