Бүгін Жаңатас қаласындағы орталық базарда азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде өнімдер нарық бағасынан 10 – 15 пайыз аралығында төмен бағада тұрғындарға ұсынылды.
Айта кету керек, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі әр сенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жыл басынан бері 39 жәрмеңке ұйымдастырылды.