Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы «Әлеуметтік базар» алаңында өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бүгін де жалғасын тапты.
Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері болды.
Сонымен қатар жалпы құны 12,3 млн. теңгені құрайтын 20,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуды. Оның ішінде 1000 кг тауық еті, 800 кг шұжық өнімдері, 2000 кг сүт өнімдері, 1 мың дана жұмыртқа, 500 кг кондитерлік өнімдер мен 500 кг макарон өнімдері, 200 кг тұз, 200 кг балық, 5000 кг ұн, 700 кг бал және 10000 кг жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды.
Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілері мен тұрақтандыру қорының өнімдері нарық құнынан 15-20 пайызға төмен бағада өткерілді.