Жәрмеңке өткізілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарттық кеңесте азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланып келеді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылған жұмыстар да аз емес.

Осы мақсатта Мойынқұм ауданында да өзекті мәселе күн тәртібінен түскен емес.

Күнделікті аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылап, кәсіпкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Апта сайын, аудан орталығында жеңілдетілген бағамен жәрмеңке өткізіліп келеді.
Бүгінгі жәрмеңкеде де аудандағы ауыл шаруашылығы тауарлары мен жергілікті кәсіпорын өнімдері нарық бағасынан төмендетілген бағамен ұсынылды.

Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп жатты.

Ержан Амирханов, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары

Comments (0)
Add Comment