Жәрмеңке өткізілді

Бүгін орталық алаңда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі болды. Өткен аптадағы хаттамалық тапсырмаға сәйкес көршілес Түркістан облысы, Байзақ ауданы мен өзіміздің ауылдық округтер көкеніс, жеміс-жидек, т.б өнімдерді арзандатылған бағада жеткізді. Жәрмеңкеге қатысып, тұрғындармен тілдесіп, кәсіпкерлердің саудасын байқадым. Өнімдер дүкен сөрелеріндегі бағадан төмен, алушылар көп.
Жәрмеңкеде балық, құрт, ірімшік, көкөніс пен жеміс-жидектерге сұраныс жоғары болды. Тұрғындарға қолжетімді бағадағы жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасады. Мәселен, пияз 60 теңге, картоп 130, сарымсақ 400 теңгеден сатылды.
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі
Comments (0)
Add Comment