«Жәрдем» медициналық пойызы аудан тұрғындарына екі күн бойы тегін медициналық көмек көрсетті

Сарысу ауданында екі күндік сапарымен келген 23 дәрігер мамандардан құралған бригада аудан тұрғындарын 8-9 қазан аралығында қабылдап, тегін медициналық көмек көрсетті.
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев «Жәрдем» медициналық пойызының қызметкерлеріне алғыс білдіріп, арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлықтар, азық-түлік себеттерін табыстады.
Денсаулықтарын тексерту үшін дәрігерлердің тексеруінен өткен 500-ден аса тұрғын қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және УДЗ, рентген, ЭКГ-ге түсіретін арнайы медициналық аппараттарға түсу мүмкіндігіне ие болды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
Comments (0)
Add Comment