Ақорда
Жапониямен спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге әзірміз – Тоқаев: 20 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Мемлекет басшысы бұл туралы Токиода өтіп жатқан «Орталық Азия-Жапония» саммитінде Жапониямен спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге әзір екенін баса айтты.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын атап өтті.
«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.
Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.
Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.
Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», – дейді Президент.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/273168-zaponiiamen-sport-salasyndagy-yqpaldastyqty-orkendetuge-azirmiz-toqaev