Жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: pixabay

Жамбыл облысында 36 жастағы әйел сәбилерін терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, келіншек 2021 жылы туған қызы мен 2023 жылы туған ұлын үйдің терезесінен тастап жіберген. Екі бала дереу Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, реанимацияға жатқызылған.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді ПД.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Comments (0)
Add Comment