Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

BasSport.kz сайтының мәліметінше, ол өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында чемпиондық белбеулерін салып, мұнымен тоқтамайтынын айтты.

«Маған тағы екі чемпиондық атақ керек», — деп жазды ол.

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы белбеу американдық Джермалл Чарлоға (33-0, 22 КО), ал WBA чемпиондық атағы кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) тиесілі.

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі өзінің соңғы айқасын былтыр 14 қазанда АҚШ-та өткізіп, алтыншы раундта германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірді. Сол арқылы WBO және IBF белбеулерін біріктірді.

 

https://turkystan.kz/article/240056-zh-nibek-limhan-ly-m-limdeme-zhasady

Comments (0)
Add Comment