WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында жаттықтырушысын ауыстырды. Бұл туралы Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық. Брайан – әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған, екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!» – деп жазды ол.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін америкалық Бадди Макгирттің қоластында жаттығып келген.
https://turkystan.kz/article/231546-zhenibek-elimhanuly-bapkerin-auystyrdy/