«Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең шығармашыл және дарынды оқушылардың басын қосатын бірегей жоба. Байқауға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2021 жылы оған 98 оқушы қатысса, биыл 130 оқушы бірден республикалық кезеңге өтті. Ағымдағы жылы ұйымдастырылған байқауда 36 оқушы жеңіске жетті.
Күні кеше Астана қаласында өткен байқауда ел оқушылары ұлттық аспаптарды меңгеру шеберлігі, шешендік өнер, білім сайысы, эссе жазу, ақын-импровизаторлар сайысы, сондай-ақ поэзия байқауында бақ сынасты. Сайдың кесек тасындай іріктелген оқушылар арасында Аса ауылын М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Бақдаәлет Жанатбек те бар. Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, ұлттық аспаптағы өнерін паш етті. Орталық директоры Сарбиназ Қосанова мен жетекшісі Рабиға Қасымбекованың сенімін ақтаған Жандаулет «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясының жеңімпазы атанып, министр Асхат Аймахамбетовтің бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.