ЖАҢАТАСТА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ

15 мамыр — Отбасы күніне орай, 6 шағынаудан, 11/3 тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті. Жаңа пәтерлер әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтуға бағытталып отыр. Мерейлі мереке қарсаңында пайдалануға берілген 60 пәтерлі 6 шағынаудан 11/3 тұрғын үйдің ашылуына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, барша сарысулықтарды Отбасы күнімен құттықтады. Барша шаңырақ иелеріне шаттық тілеп, жаңа қоныстың берекелі болуына тілектестігін білдірді. Мұнан соң «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Жұлдыз Мейірманова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев та ізгі тілегін арнап, әлеуметтік қамту мемлекеттің басты назарында екенін жеткізді.
Жаңа тұрғын үйдің кілті пәтер иелеріне салтанатты жағдайда табысталды. Аудан қариясы Шәріпбек Қалжанов ақ батасын беріп, мерекеде ауданымызға құт- береке дари берсін деген тілегін айтты. Көңілдері қуанышқа бөленген тұрғындар атынан жаңа пәтер иесі Дариға Оңдыбаева сөз сөйлеп, мемлекеттік қолдаулар үшін аудан басшылығына алғысын білдірді. Айта кетейік, Мердігер мекеме – «БурМонтаж» ЖШС- і құрылысты сәтті жүзеге асырып отыр. Құрылыс 2025 жылы бастау алған болатын. Келешекте тағы осындай жобаларды іске асыру бойынша ұсыныс берілді. Алдағы уақытта да жаңа тұрғын үйлер салынып, тұрғындардың игіліктеріне берілетініне сенім мол.
Comments (0)
Add Comment