ЖАҢАТАСТА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Халықты тұрғын үймен қамту саясаты Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында. Сарысу ауданында да тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін шешу мақсатында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.
Бүгін Жаңатас қаласының тұрғындары қуанышты сәттің, игілікті шараның куәсі болды.
Ұлттық мереке — Республика күні Жаңатас қаласы, Сұлтанғазиев көшесі №12-ші 8 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.
Пәтер кілтін табыстау салтанатына арнайы аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, тұрғындарды құттықтады.
«Жаңатас қаласы жыл санап қайта жанданып, тұрғындар саны артып келеді. Осы орайда, тұрғын үй кезегіне де сұраныстың артып отырғаны белгілі. Қазіргі таңда 1700-ден аса қала тұрғыны пәтер кезегінде тұр. Өткен жылы 185 азамат баспаналы болса, биыл 3,2 млрд. теңгеге 278 пәтерді сатып алу жоспарланған. Бүгін 8 пәтердің кілтін кезекте тұрған тұрғындарға табыстайтын боламыз. Меншік иесі, жеке кәсіпкер Керімбай Бағлан өз қаражатына жөндеген бұл тұрғын үй 102 278,2 мың теңгеге мемлекеттік қорға сатып алынды», — деген аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтап, тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына ат салысқан азаматтарға алғысын білдірді.
Бұдан кейін сөз алған Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев жаңа қонысқа ие болған қуаныш иелеріне өзінің құттықтауын жеткізіп, жылы лебізін білдірді.
Жаңа пәтерге ие болған отбасыларға пәтер кілттері салтанатты жағдайда табысталды.
Өз кезегінде жаңа қонысқа ие болған тұрғындар да қуаныштарын жасыра алмай, аудан басшыларына алғыстарын айтып жатты.
Жаңа тұрғын үйдің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.
Comments (0)
Add Comment